Шуда ауылдық және аудандық "Жастар" ұйымының өкілдері мен "Жиенбет Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібековтың қатысуымен мектеп оқушылары ашық сабақ өткізді.
Жоғарғы сынып оқушыларымен жасалған еркін ашық сабағы дін тақырыбын өзіне арқау етті.
Имам діннің мемлекетіміздегі орны және жат діндерге қарсы иммунитет туралы түіндірді. Сабақ тартымды әрі қызықты өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі