Беласар ауылының әкімшілігінде имам Бақыт Тлемисовтың қатысуымен "Дін - тәрбиенің тірегі" атты ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Шарада имам тәрбиенің негізі дінде жатқанын қазақ салт-дәстүрінің көрінісімен түсіндіріп берді.
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешқашан да жалған болмас...» дейтіні дін немесе Алланың елшісі Мұхам-мед (Алланың рахымы мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз арқылы бізге жеткен Алланың сөзі – ислами қағидаттары шынайы тәрбие негізі екендігін көрсетіп тұрғандай.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі