Жақында облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкілдігіне қарасты қала, аудан бас имамдарының есеп беру жиыны өткен болатын.
Аталған жиында барлық имамдар жыл бойы жасаған жұмыстарының есебін берді. Нәтижесінде, Шу ауданы "Ақпарат және ағарту" бағыты бойынша үздік атанды.
Облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреевке алғыс хат табыстап, аудан имамдарының белсенді жұмысы үшін марапаттады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі