Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет.
Мұндай игілікті "Тоғай" мешіті атқарып, мешіт имамы Жанат Сағитов көмек ретінде 7 отбасыға азық-түлік жеткізіп берді.
Қайырымдылықпен бірге 40 000 теңге қаржылай көмек те табысталды. Отбасылар алғыстарын айтып, баталарын берді.
Шу ауданық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі