«Бисмилләһ» сөзіне құрмет

«Бисмилләһ» сөзіне құрмет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Бишри Хафидің (р.а.) дұрыс жолға түсуі былай болған.
   Бір күні мас күйінде келе жатып жолдан «Бисмиллаһир-рахманир-рахим» деген жазуы бар бір қағазды көреді. Бұл жағдайға көңілі разы болмай жерден алып, сүйіп, кейін балшықтарын тазалайды. Тазалап болған соң, әдемі иіс сеуіп, үйінің дуалына іліп қояды.  
Сол түні ғалым және әулие бір кісігі түсінде «Бишриге барып айт, есімімді тазалағаныңдай мен де сені тазалаймын. Есімімді көтергенің үшін мен де сені көтеремін. Есімімді әдемі иістендіргенің үшін мен де сені әдемі етемін. Ұлылығыммен ант етемін сенің есіміңді дүниеде де ақыретте де таза әрі әдемі етемін!» деп бұйырылды.
   Бұл түс үш рет қайталанады. Ғалым кісі таңертеңгісін Бишри Хафиді сыраханадан тапты. Өте маңызды хабарым бар деп сыртқа шықырды. Бишри келгенінде «Саған Алла Тағаладан хабарым бар» деп айтуымен Бишри егіліп жылай бастады. «Маған ашулы ма, қатты азап бере ма?» – деді. Түсті тыңдап болған соң достарына бұрылып: «Мені шақырып жатыр, бұдан былай мені бұл жерлерде көрмейсіңдер!» – деді. Сол жерде тәубе етті. Бұл кезде аяғында аяқ киімі болмағаны үшін кейін де мүлдем аяқ киім кимеді. Себебін сұрағандарға «Сөз берген кезімде жалаңаяқ едім, енді қазір киюге ұяламын» деген екен. Аяқ киім кимегені үшін «жалаңаяқ» деген мағынада «Хафи» аталып кетті. Бишри Хафи хазіреттері өмірінің қалған бөлігін ілім үйрену және үйретумен өткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: