Ұстаздар арасында айлық семинар өтті

Ұстаздар арасында айлық семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ұстаздар арасында айлық семинар өтті. Қала, аудандардан келген әйел ұстаздар толықтай қатысып, пайдалы білім алып қайты. 

Семинарды ұстаз, коуч Нұргүл Әлиханқызы жүргізді. "Мақсатқа жету жолдары" тақырыбында өткен семинар өмірге, іске мақсат қоя білудің маңыздылығын, артықшылықтарын, нәтиже жайлы жеткізді. 

1 жыл бұрын Жамбыл облысы ұстаздары арасында ай сайын білім арттыру мақсатымен семинар ұйымдастыру жолға қойылған еді. Осы айда кезекті семинар жасалып, Нұргүл Әлиханқызы мақсатты дұрыс қою және мақсатқа оңай жетудің жолдары туралы айтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: