Қасиетті жұма күні Меркі ауданы, Қостоған ауылдық мешітінің жанынан мешіт имамының ұйытқы болуымен, ауыл тұрғындарының демеушілігімен асхана салынынып, салтанатты түрде ашылды.
Мешіт асханасының ашылу салтанатына арнайы іс-сапармен келген Меркі ауданының әкімі сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Қостоған ауылы «Ботбай ата» мешітінің имамы Омаралиев Қуанышбай жұма намазынан кейін тұрғындарға мешіт салудың, оған қарайласудың дінімізде үлкен сауап екендігі туралы уағыз-насихат айтып, артынша асхана ашылу салтанаты басталды. Ашылу салтанатынан кейін қонақтарға арнайы дастархан жайылды.
Ауыл тұрғындары осынау игі іс-шараға мұрындық болған ауыл имамына өз алғысын білдіріп, мешіт құрылысына атсалысқан барша азаматтарға ризашылықтарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі