#Меркі ауданы: "Әл-Кәрим" атты жаңа мешіт ашылды

#Меркі ауданы: "Әл-Кәрим" атты жаңа мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны болған жұма күні Жамбыл облысы, Меркі ауданына қарасты Қызыл-қыстақ ауылында "Әл-Кәрим" мешіті ашылып, еліміздегі құлшылық орындарының қатары тағы бір ғимаратпен толықты.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Мырзабев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы, Меркі ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы, сондай-ақ Меркі ауданының әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы мен өңірге белгілі ақсақалдар, жамағат қатысты.

Іс-шара Жамбыл облысының өкіл имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлының Құран оқуымен басталып, артынша наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлының Қызыл-қыстақ ауылының тұрғындарын мешіт ашылуымен құттықтап, арнайы мешітке сыйлығын табыстап, мешіт салған кәсіпкер Мұқшаев Сұлтанды наиб муфти атынан атынан алғыс хатпен марапаттады. Соңынан аудан әкімі, ел ақсақалдары сөз сөйлеп, мешіт ашылуымен құттықтады.

Ашылу салтанатынан кейін мешітте наиб мүфтидың имамдығымен алғашқы жұма намазы өтеліп, елімізге, жерімізге дұға жасалып, артынан жиналған қауымға арнап дастархан жайып, ас берілді.

Сонымен қатар ауыл тұрғындары өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, осы істің басы қасында жүрген ұйымдастырушыға, мешіт салған кәсіпкер Мұқшаев Сұлтан мырзаға алғыстарын білдірді.

Қызыл-қыстақ ауылында ашылған бұл мешітте жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: