#Таразда шәкірттер арасында Құран сайысы өтті

#Таразда шәкірттер арасында Құран сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Сендердің ең жақсыларың - Құранды үйреніп, басқаға үйреткендерің" - дейді шариғатымызды. Осы мақсатта "Құлбай баба" мешітінде Тараз қаласы бойынша шәкірттер арасында Құран жарысы өтті. 

Жарыс 2 пара, 1 пара және жарты пара жаттағандар арасында жүргізілді.  Ал басқа жарысқа қатыспаған шәкірттер, қонақтар, ата-аналар арасында діни сұрақ-жауап ойнатылып, сыйлықтар үлестірілді.

Жарыста бас жүлдені Даурен Тилманбетов қанжығасына байлады. Имам Талғат Асанұлы келген жамағатқа бата беріп, шәкірттерге әр жарты жыл сайын осындай жарыс ұйымдастру жоспарын жолға қойуды жеткізді.  "Осы жарысқа демеуші болған Құрал Нысанбайұлына әрі ұйымдастрған Даулет пен Бекмұхан сынды т.б кісілерге Алла разы болсын" - дейді мешіт имамы.

"Құлбай баба" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: