#Жамбыл: Діни экстремизм – қоғамның діни тұтастығын бұзатын әрекет

#Жамбыл: Діни экстремизм – қоғамның діни тұтастығын бұзатын әрекет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылында Қаламаңы ауылдық «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Абилов Ансар  Жалпақтөбе ауылдық кітапханасында «діни экстремизм- қоғамның діни тұтастығын бұзатын әрекет» тақырыбы аясында кеңінен насихат айтты. Кездесуге кітапхана қызметкерлері мен ауылдың белсенді жастары қатысты. Аталмыш кездесуде дін маманы жастарға жас ағымның жарылқамастығын айтып, діни экстремизм турасында түсінік берді. 

  Ислам – терроризмге, зорлық-зомбылыққа, діни экстремизмге қарсы. Бүгінгі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде Ислам атымен сандаған жазықсыз адамдардың қаны төгіліп жатқаны өкінішті. «Бір адамға қиянат жасау – күллі адамзатқа бағытталған қиянат».

Осы қанатты сөзді ескерсек, Ислам діні қашан да қақтығыс, лаңкестік, зорлық-зомбылық, өктемдік секілді мұсылмандыққа жат іс-әрекеттер мен арам пиғылды айыптаған. Біздің асыл дініміз, керісінше, қоғамдық тұрақтылықты, ізгілікті, ұстамдылықты уағыздайды. Ал, лаңкестіктің ұлты да, діні де жоқ. Сол себепті нағыз мұсылманның лаңкес болуы әсте мүмкін емес.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: