Меркі ауданына қарасты Андас батыр ауылы «Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Габдулла құптан намазына жиналған жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Атап айтсақ, жаназа рәсімдеріне қатысты ас беру дәстүріне қатысты сөз қозғады. Ас берген кезде ысырапшылдыққа жол бермей, шариғат шеңберінен шықпай дастархан жаюды жеткізді.
Уағыз соңында жиналған жамағат сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Еліміздің, жеріміздің амандығы үшін дұға жасалды дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі