Бүгін де, ертең де сіздің тамағыңыз тоқ, көйлегіңіз көк болатынын сіз білесіз. Жаза бұл дүниеде болуы не болмауы мүмкін. Мұны Алла шешеді. Бұхаридің жинағында келтірілгендей, Алланың Елшісі (ﷺ) бірде өзінің сахабаларымен отырып былай деген: «Мынау күнә, анау күнә және ол да күнә», - ұрлық, зина және басқа туралы, - «кім де болмасын осы күнәлары үшін бұл дүниеде жазалансын, сонда ақиқатында мұндай адамға жеңілдік бар». Егер өміріңізде қиындықтар көрсеңіз немесе өз күнәңыз үшін қиыншылықтар көріп жүргеніңізді сезсеңіз, онда сізге: «О, Алла! Мен Саған разымын!» - деп айту қажет.
Қиямет Күнгі жазамның жеңілдетілгені үшін. Дегенмен, ақиқатында, ең жеңіл жаза, аххаффу - жеңілдетілген жаза Қиямет Күні оттан екі пар жасалған аяқ киім кигізілген адам болады, оның миы еріп, ісінеді. Сонда ол оның жазасы ең сорақы жаза деп ойлайды, алайда, сол Күні ең жеңіл жазаны алатын дәл сол адам еді. Егер біреулеріміздің денсаулығымыз сыр беріп, жағдайымыз күннен-күнге нашарлап жатса, ал егер кім де кім бақытсыздық туралы хабар алса, жақынының өлімі немесе сіздің бизнесіңіздің күйреуі, әлде басқа нәрсе туралы, сондай кезде біз истиғфар айтып, Алладан оны жеңілдетуін сұраймыз, алайда, бұдан келешек өміріміздегі жазамыздың жеңілдетілгенін біздің біразымыз ғана түсіне аламыз. Егер бұл біздің ахиреттегі жазмышымызды жеңілдетсе әрі күнәдан тазартса, онда бұл сөзссіз – жарылқау. Бұхари мен Мүслимнің хадистер жинағында келтірілгендей, Пайғамбарымыздың (ﷺ) дүниеден өтуіне үш күн қалғанда Жабир (р.а.) келеді.
Алла Елшісі (ﷺ) сондай қатты қиналып жатқан еді, оны көрген Жабирдің (р.а.) Пайғамбарымызға (ﷺ) жаны ашып, оған қалай көмектесерін білмейді. Сонда Алла Елшісі (ﷺ) оған: «Уа, Жабир! Алла Тағала күздің күні ақырғы жапырағы бұтағынан түскенге дейінгі ағаш іспетті, күнәсын денесінен шығарғанша азап шекпейтін бірде бір мұсылман жоқ,», - деген екен. Сондай-ақ, адамның ақырғы күнәсы кеткенше Алла оны бұл дүниеде азап пен бейнетке салады және, әсіресе, өлім алдында қатты азаптайды. Сөзсіз, өлер алдында кейбір адамдардың қалай қиналатынын біз көріп жүрміз ғой. Өлім әртүрлі болады. Кейбіреулер азапсыз өледі.
Кейбіреулердің өлер алдында көздері нұрланып тұрады. Оның бәрі бір Аллаға ғана тәуелді, тек қана Ол шешеді, Оның Қалауымен болады. Алла бірнәрсе қаласа Оған еш кедергі жоқ. Бұхаридің хадистер жинағында Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқаны келтірілген: «Мен Жәннәтқа оңай кіріп бара жатқан адамды көрдім, ол өзінің орнында рахаттана бір бүйірінен екінші бүйіріне аунап жатты. Бұл – адамдардың жүретін жолында өсіп, жүргенде кедергі келтіріп, бастарын еңкейтуге мәжбүрлеген бұтақты кескені үшін ғана жұмақтық болған адам». Сондықтан, Пайғамбарымыз (ﷺ) әлгі адамды Жәннәтта көргенін, оның Жәннәтқа кіретінін және шаттықта болатынын айтқан. «Сонда қалай болғаны?
Біреу Жұмаққа жай істер жасап кіре салады, ал кейбіреулер басқа да көп жақсы амалдарымен Жұмаққа кіре алмайды? Бұл әділетсіздіктің көрінісі емес пе?» - деген сауал туындауы әбден мүмкін. Мұндай сауалға ғалымдардың былай деп жауап бергенін келтіре кетейік: «Егер Алла Тағала бізге тек қана Өзінің Әділеттілігімен, біздің неге лайық екенімізбен адал түрде билік шығаратын болса, сөзсіз, біздің әрқайсымыз да Жәһанамның Отында болар едік, яғни адам баласы тек Алла Тағаланың Мейірімділігінің арқасында ғана Жұмақтық бола алады, ал Алланың Мейірімі шексіз екенін есімізден шығармайық». Алла Тағала біздің өмірімізге хайыр-береке беріп, өзімізге таупиық нәсіп етсін.
asyldin.kz