Көптеген хадистерде бір-бірін Алла разылығы үшін жақсы көргендерді Қиямет күні үлкен сый күтеді деп келтірілген.
Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын жеткізген: «Шындығында, Қиямет күні Алла Тағала былай айтады: “Менің разылығым үшін бір-бірлерін жақсы көргендер қайда? Бүгін Менің көлеңкемнен басқа көлеңке болмайтын Күні - Мен оларды Өзімнің көлеңкеме тұрғызамын!”» (Мүслім)
Сондай-ақ, Мұғаз (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын жеткізген: «Құдіретті әрі Ұлы Алла бір-бірін Оның разылығы үшін жақсы көргендер үшін нұрдан мінберлер тағайындаған және оларға пайғамбарлар мен дін үшін құрбан болғандар қызығатын болады!» (Тирмизи)
Мұсылман апа-сіңілімізге деген сүйіспеншілік – Алла үшін сүйіспеншіліктің бір түрі. Ендеше, Қиямет күні бұл сүйіспеншілік те сыйсыз қалмайды. Бұл махаббатты мойындау – әрбір мүмін түсінуі тиіс үлкен жауапкершілік және, сәйкесінше, ол мұны мойындауына кесе көлденең жүрмеуі керек. Иә, бәлкім, біз түсінетін де шығармыз, бірақ бұл түсінік біздің жүрегімізге дейін жетпейді, үстіңгі жақтың бір жерінде қалып қояды, сол себепті келесі жағдайлар жиі болып тұрады.
Ілтипат пен күлімсіреудің орнына немқұрайлылық пен тұнжыраған көзқарас.
Көшеде мұсылман апа-сіңілдерімізді кездестіріп, олармен амандасқанда, жауап ретінде зауықсыз «уа әлейкум сәләм» естіледі немесе амандасуымыз жауапсыз қала береді, күлімсіреу туралы мүлде сөз жоқ. Әсіресе, бұл үрдісті кейінгі кездері көп байқауға болады. Алайда, дегенмен, амандасқаныңа жылы күлімсіреп жауап беретін апа-сіңілдеріміз де кездесіп жатады, онысы жүрекке жылулық ұялатады. Жай ғана күлімсіреу, мүміндерді қалай жақындастырады, бірлік пен ұйымшылдық сезіледі. Неге күлімсіремеске, егер сол үшін Алла Тағала сый уәде еткен болса. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Егер сен мұсылман-бауырыңды кездестіргенде күлімсіресең, бұл саған садақа бергендей болып жазылады» (Тирмизи).
Артық ұрсысулар қажет емес.
Бұрында маған екі мүмін келіншек ешқашан, ешбір жағдайда бір-бірімен ұрсыспайтындай көрінетін. Ал негізінде, ұрсыса алады, ұрсысқанда қалай. Болмашы нәрсе үшін ұрсысатындары аз болғандай, содан кейін татуласуға қадам жасамайды, бұл қадамды екінші сіңілінің жасауын күтіп отырады.
Өкінішке орай, нақ осы ұрсысудан қиындықтар көп туындайды, өйткені адамның әлсіздігі кезінде біз өз ашуымызды ауыздықтай алмаймыз әрі нәпсіміздің жетегінде кетеміз. Ұрсысу барысында біз апа-сіңілдерімізге тіл тигізе бастаймыз, ренжітетін сөздер айтамыз, ал кейде, бәрінен да жаманы, олармен араласпай қоямыз.
Біз — мұсылман қыз-келіншектер, Исламды басшылыққа аламыз, яғни мұндай жағдайларда өз ашуымызды басуға әрі ұрсысудан қашуға тырысып, ымыраға келуге тиіспіз. Егер бұл қолымыздан келмесе, онда тезірек бірінші болып татуласуға қадам жасауымыз керек.
Өйткені Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Бір мұсылман басқа бір мұсылманмен үш күннен аспайтын мерзімге араласпай қоюына рұқсат етілмейді, осы күндер аралығында олар кездескенде бірінен-бірі теріс айналып өтетін болады. Бұл екеуінің ең жақсысы, кім бірінші екіншісімен амандасқаны болады» (Бұхари; Мүслім).
«Мұсылмандардың етін жемеңіздер»
Соңғы, бірақ маңызды мәселе — бұл өсек. Көбіне мүмін әйелдер басқа мұсылмандардың артынан олардың кемшіліктері мен жаман қасиеттері туралы айтқанда өз тілдеріне ие бола алмай қалады, ғайбат күнәсін жасап жатқандарын өздері байқамайды. Қыз-келіншектерге бұл өсек және Исламда бұл күнә деп ескерту жасасаң, олар өздеріне мынадай сылтау табады: «Мұны мен оның бетіне де айта аламын». Әйелдер әлдебір апа-сіңілінің бетіне күле қарап, амандасып, ал сосын олардың тілдерінен біреу тартып тұрғандай, оның артынан риясыз дүниелерді айтады, өз сіңілі туралы өсекті соға бастайды.
Ал Алла Тағала қасиетті Құранда былай айтқан (мағынасы): «Әй мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді» (49:12).
Естеріңізде болсын, Алла Тағала ғайбат айтуды мүмін адамның етін жейтіндей бір деңгейге қояды. Ал енді мұның қандай жаман күнә екенін елестетіңізші! Ең жақсысы Исламдағы апа-сіңілдеріңізге дұға жасағандарыңыз. Бұл оларға деген сіздің сүйіспеншілігіңіздің ең жақсы көрінісі болмақ!
asyldin.kz