2 метрдей жердің асты (жалғасы бар)

2 метрдей жердің асты (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Кім ұзақ та берекелі өмірін ғибадатта өткізсе, міне, сол табысқа кенеледі». Бұл жерде табысқа кенеледі дегеніміз кім өз ғұмырын Аллаға құлшылық етумен өткізсе дегенді білдіреді. Әрбір жан иесі өлімге дайын болуы керек. Өлуге емес, өлімге. Кез келген уақытта. Тіпті ол бүгін түнде келер болса да. Өлім айтып келмейді, осы сәттің ішінде дүниежүзінде қаншама адам бақилық болып жатқаны өтірік емес. Біз осы мақаланы жазып не болмаса оқып болғанша бір адам көз жұмып жатыр. Рас қой?

Тіпті бір адам емес осы күннің соңына дейін қаншама адамның қайтыс болуы әбден мүмкін. Өйткені Ажал Періштесіне менің де, сіздің де өліміңіз тапсырылып қойған. Менің өлер күнім мен сіздің өлер күніңіз жазылып қойған. Қалай өлемін? Қай жерде өлемін? Сіз қай жерде, қалай өлесіз? Бұл Бір Аллаға ғана аян. Алланың қалауымен, ақтық деміміз таусылып, шыбын жанымыз тәнімізді тастап кеткен соң бәріміздің де барар жеріміз бір, ол екі метрдей жердің астындағы қабір. Ажал келгенде біз оны минутқа болса да бұрынырақ, минутқа болса да кешірек жылжыта алмаймыз, яғни біз ажалдың уақытын өзгерте алмаймыз. Жер басып жүрген әрбір пенденің өз уақыты дайындалып қойылған. Дәл қашан, қандай халде өлетінін ешбір жан білмейді, ешбір жан хабардар емес. Мүмкін үй шаруасымен айналысып жүріп, мүмкін ұйқыда жатып әлде шаттана  алдағы демалысты ойлап шабаданымызды жинап жатқан кезде ме? Бәлкім сол барғалы жатқан жеріміз біздің алдын-ала жазылып қойған өлер жеріміз шығар? Адамдар өз Отанынан жырақта жүріп те ажал құшады. Солай емес пе? Мүмкін үйлену күні шығар? Мұндай жайттар да болып тұрады. Үйлену күні күйеу жігіт те, қалыңдық та бақилық болған. Үйлену тойдың алдында күйеу жігіттің де, қалыңдықтың да әкелері қайғылы оқиғада қайтыс болған себепті үйлену тойы өткізілмеген де жайттар бар. Ажалға  еш тосқауыл жоқ. Ол  қатыгез. Ол еш кешігусіз, ылғи дәл уақытында келеді. Іс жүзінде, біз үшін жақсы ескерту болатын бір жер бар. Ол – зират. Біреулеріңіз зират басына барасыздар ма? Зиратқа барып, қабірлердің арасында жүріп, тасқа қашалып жазылған туған және өлген даталарына қарайтындар бар ма екен? Кім қанша жасап, қай жаста қайтыс болғанына қарап ойланатын адам бар ма екен? Бұл өте жақсы ескерту. Даталарға қарап тұрсаң, ажалдың адам мен жас таңдамайтынын аңғарасын. Мысалы үшін, мына қабірдегі марқұм 30-шы қазанда қайтыс болса, келесі біреу 28-ші қазанда, алдыңғысы - бір-екі күн бұрынырақ, оның алдыңғысы – одан да ертерек.

Қабірлерді аралай жүріп «осы адамдарда қаншама армандар болды десеңізші» деген ойға еріксіз шомасың, бірақ енді олар осы қабірлерде жатыр. «Арттыра түссем деген құмарлық сіздерді қызықтырады, басқалардан көп асап қалсам, басып қалсам деген талпыныс» деп бізді Алла Тағала ескертеді. Дүниеге құмарлық ақиқат жайтты бұрмалайды. Ал шындық қандай? «Шынайылықтың бұрмалануы» ұмытшақтықты  білдіреді - сіз ұмытшақ боласыз, ойланбайсыз. «Қабірге кірген кезге дейін»... Бұл жерде «кіру» сөзі нақ қабірге «кіру» мағынасын білдіреді. Алла бізге таңдау берді. Алла Ұлы! Алла бізге еркіндік берді! Қазір сіз не қаласаңыз – соны жасай аласыз. Алла саған өзінің Рахымын жалғастыра береді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: