7. Михджа ибн Салих (р.а.) – қара нәсілділердің ең жақсысы.
Пайғамбарымыздың (ﷺ) ең танымал сахабаларының бірі — Исламды Меккеде қабылдаған және Мединеге көшкендердің ішінде болған.
«Ат-Табакат әл-кубраға» сәйкес Михджаның шығу тегі Йемен тұрғындары жағынан, оның ата-тегі араб болған, бірақ түрі қара еді. Хиджазда ол құлдыққа сатылып, надандық кезеңіндегі басқа да құлдар сияқты езгіде болған. Кейін оны Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) азат етіп алған. Меккеде көптеген пұтқа табынушылар Пайғамбарымызды (ﷺ) кедей адамдармен және бұрынғы құлдармен араласқаны үшін қорлайтын. Осы жөнінде Алла Тағала Өз Пайғамбарына (ﷺ) мына бір аятты түсірген: «(Мұхаммед Ғ.С.) сондай күндіз-түні Раббыларына жалбарынып, Оның дидарын тілегендерді қума!» (6:52)
Абдулла ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Алланың бұл сөздері Аммарға, Михджаға, Амир ибн Кухайрға, Салман мен Салимге қатысты айтылған. Табариге сәйкес, хижрадан кейін Бәдір соғысында алғашқылардың бірі болып Михджа қайтыс болады. Әл-Хакимнің «Мустадракында» және Суюттың «Әл-Джами ас-сагирында» Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқаны келтірілген: «Қара нәсілділердің ең жақсысы үшеу болған – Біләл, Лұқман (Құранда аталып өткен) және Михджа».
asyldin.kz