Ханафит мәзһабы ғалымдарының және бірнеше шафиғи ғалымдарының пікіріне сәйкес, дәрет алғанда мойынның артқы жағы мен желкені сипау (мәсих тарту) мустаһаб (дұрыс) деп саналады. Бұл пікір нақты хадистерге негізделген, олардың кейбіреулері сенімді болып табылса, ал кейбіреулері – әлсіз, алайда олардың бәрі бірігіп жеткілікті дәлел бола алатын күшке ие: 1. Имам Әбу Дәуд пен имам Ахмад ибн Ханбал өз жинақтарында Алла Елшісінің (ﷺ) дәрет алу кезінде, мойны мен басының арт жағына мәсих тартқанын жеткізген (Әбу Дәудтің Сунаны, Ахмадтың Муснады). Бұл хадисті кейбір мұхаддистер әлсіз деп санаған (Тальхисул-Хабир хафиз Ибн Хаджар, 1 т, 287-88 б, алим Шакуани айтқан, хафиз Ибн Саййд ан-нас оны хасан (сенімді) деп анықтағанын қараңыз, Наилюл-Аутар, 1 т, 179 б. қараңыз). Хафиз Ибн Хаджар (р.г.) «осы хадисті негізге ала отырып, имам мұхаддис Багауи аш-Шафи мойынды сипау дұрыс (мустаһаб) деп санағанына» сендірген.
2. Ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім дәрет алу кезінде мойнына мәсих тартса, сол Қиямет күні бұғау мен шөлден құтқарылады (Муснадул-Фирдаус, 4 т, 44 б, 5628 хадис, Тарих Исбаха, 2 т, 115 б.).
Бұл риуаят Хафиз әл-Иракы және алим Забидимен (р.г.) әлсіз деп айтылған. (Тахриджул-ихья, 1 т, 82 б, 308 хадис, Шурхул-ихья, 2 т, 580 б. қараңыз).
3. Сондай-ақ, имам Ибн Фарис бұл хадисті Абдулла ибн Омардан басқа иснад арқылы жеткізген. Имам Ибн Фарис бұл хадисте былай айтқан: «Алланың мейірімімен бұл хадис шынайы (сахих)» болып табылады. (Тальхис әл-хабир, 1 т, 288 б. қараңыз).
4. Бұл хадистің шынайылығын осы хадисті жеткізуші Абдулла ибн Омардың өзі желкені сипауды қолданған фактісі дәлелдейді. (Сунанул-Байхакы, 1 т, 60 б.).
5. Имам Әбу Убайда (р.г.) имам Муса ибн Тальхадан мурсал хадисті келтірген: «Кімде-кім мойны мен желкесін сипаса, сол Қиямет күні шөл мен бұғаудан құтқарылады» (Тальхисул-хабир, 1 т, 288 б, Шархул-ихья, 1 т, 580 б. қараңыз).
Мұхаддис Зафар Ахмад әл-Осман бұл риуаятты жеткізгендердің бәрін сенімді деп санайды (Иляу с-Сунан, 1 т, 123 б.).
Мурсал хадистер (сахабалардың есімдері айтылмаған хадистер) көптеген факихтердің пікірлеріне сәйкес жарамды болып табылады.
Жоғарыда айтылып өткендей, дегенмен бұл тәжірибені растайтын кейбір хадистер әлсіз, бірақ шынайы деп табылған басқа риуаяттар бар, мысалы үшін, 3 және 5 тармақтағы риуаяттар. Сондай-ақ, кейбір мұхаддистер 1 тармақтағы хадисті сенімді деп санайды.
Жоғарыда келтірілгендерден басқа алим Шауканимен Наилюл-Аутарда айтылған басқа да хадистер бар.
Көпшілігі мән бермейтін риуаят
Алайда мойынды сипау заңдылығын қабыл алмайтындардың көпшілігі елемейтін тағы да бір сенімді хадис бар.
Сахаба Уайл ибн Худжр (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) дәрет алғаны туралы ұзақ әңгімелеген, дәлірегінде, мынаны айтқан: «Және де ол (ﷺ) желкесі мен сақалының ішкі жағын басын сипағаннан қалған сумен мәсих тартатын».
Бұл хабарлама имам Табрани және имам Баззармен жазылып алынған.
Хафиз әл-Иракы (р.г.) белгілі мұхаддис Хафиз Ибн Хаджардың (р.г.) ұстазы бұл хадиске келесі сөздерді айтқан: «Желке мен мойынды сипау Уайл ибн Худжрдың (р.а.) риуаятынан жеткен, оны имам Табрани өзінің «Муджам әл-Кабирінде» және имам Баззар өзінің «Муснадында» келтірген, және де оның иснадында ешқандай әлсіздік жоқ» (Танзиху ш-шариа, 2 т, 75 б.).
Демек, бұл хадис, алим Иракының пікірінше, сенімді (хасан) деп санала алады.
Жалған айыптаулар
Хадисті қолдануға үміттенетін адамдардың желке мен мойынды сипау тәжірибесін ашық теріске шығаратындары қайран қаларлық жайт, ал, сондай-ақ, ханафит мәзһабын хадистерге негізделмей, тек ақыл-ой дәлелдеріне негізделген деп жалған айыптайды. Алайда осы мәселеде бұл қарсыластардың өздері-ақ осындай тәжірибенің заңдылығын дәлелдейтін хадистерді теріске шығарады. Бұл амал туралы хадистердің бар екендігін жоққа шығаратындардың кейбіреулері, бұрындағы ғалымдардың дәлелдеріне сүйенеді, олар бұл тәжірибені қолдайтын хадистер жоқ деп санаған, алайда жоғарыда көрсетілгендей, бұл тақырыпта көптеген хадистер бар. Дәл осы себептен ханафит мәзһабының ғалымдары мен факихтері жаңа құбылыс деген жалған айыптауларды теріске шығарған. Айыптаушылардың кейбіреулері осы тәжірибені жоққа шығарған ғалымдарға, мүмкін, бұл тақырыптағы хадистер жетпеген шығар деп айтуларына тура келген. Алайда алим Шаукани (р.г.) жоғарыда келтірілген риуаяттарды айтып өткен соң тағы былай жазады: «Осы риуаяттардың көмегімен енді имам Науауидің (р.г.) пікірі асығыс айтылған деген тұжырым жасауға болады, ол желкені сипау тәжірибесін теріске шығарған ғалымдардың бірі болған…»». Одан әрі имам Шаукани басқа шафиғи мәзхабы ғалымдарының, соның ішінде, имам Риф’а мен имам Багауилердің, бұл мәселе жөнінде имам Науауимен келіспегендіктерін жазады. Шафиғи мәзхабындағы көпшілік мойындаған мұхаддис болып табылатын имам Багауи желкені сипау дұрыс (мустаһаб) деп санаған (Наилюл-Аутар, 1 т, 179 б.).
Желкені сипау тәжірибесінің заңдылық екендігін мойындаған кейбір ғалымдар оны Алла Елшісінің (ﷺ) Қиямет күні өзінің ізбасарларын дәрет алу кезінде жуған дене мүшелерінің нұрлануынан білуге болатындығын айтқан хадисі негізінде жасаған. Одан әрі осы хадисте былай айтылған: «Егер кімде-кім бұл нұрлануды күшейткісі келсе, онда оған мынаны жасау керек…» - яғни, бір мүшені көбірек ынталана әрі талап етілген жерден асыра жуу. Мысалы, қолды шынтақтан жоғары жуу, аяқты тобықтан жоғары жуу және тағы да сол сияқты. Сондай-ақ, адам басын сипағанда, желке мен мойынның арт жағын сипауда ол осы хадисті қолданатын болады (ол Бұхаридің Сахихында, 136 және Мүслимнің Сахихында, 579 жазылған). Желке мен мойынның арт жағын сипау сенімді хадистерге негізделген және жоғарыда айтылғандардың бәрі сол фактіні дәлелдеуге жеткілікті. Ал Алла жақсы біледі.
asyldin.kz