Есеппен тұрмысқа шығу немесе үйлену жайында...

Есеппен тұрмысқа шығу немесе үйлену жайында...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлдебір мәселені зерттегенде, оны екі көзқарас турасынан қарастыру қажет: аталмыш мәселенің ислам құқығы шарттарына сәйкестігі көзқарасы турасынан және тақуалық көзқарасы, яғни «такуа» турасынан.

Алайда үкім шығаруда оның негізі ретінде тақуалық емес, формалды құқық нормалары алынады. Ислам әдебиетінде бірінші көзқарасқа сай шығарылған үкімдер «кадайан», ал екінші көзқарасқа сай шығарылған үкімдер - «дийанатан» деп аталады.

«Біз сырт пішінге қарап пікір түйеміз, ал жасырын жағын Аллаға тапсырамыз» деген белгілі қағидаға сәйкес әлдебір мәселені қарастыруда біз оның рұқсат етілу немесе рұқсат етілмеуіне қараймыз және тек соған қарау арқылы ғана бір шешім шығарамыз. 

Барлық ерекшеліктерді жіпке тізіп шыққан соң, енді қойылған сұрақтың жауабына келейік: егер адам ақша мен байлықты есепке ала отырып үйленгісі немесе тұрмысқа шыққысы келсе, бұл ислам құқығы турасынан неке үшін еш қиындық туғызбайды. Өйткені мұндай ниеттің болу, болмауы неке растығының шарты болып табылмайды. Сөзсіз, өзара сүйіспеншілік пен сыйластыққа негізделген неке берік, шынайы әрі теңдесіз үлкен құндылыққа ие болады.

Бір хадисте былай айтылған: «Әйелге төрт себепті үйленеді: оның байлығы үшін, оның шыққан тегі үшін, оның сұлулығы үшін, оның тақуалығы үшін. Әйелдерді тақуалығы үшін таңдаңдар, сонда қиындық көрмейсіңдер» (Мүслім, Никах, 53).

Бұл хадистен түсінетініміз, әйелдің материалдық жағдайына қарап үйленуге рұқсат етілген болып саналады. Алайда егер бұл мәселеге тақуалық жағынан қарайтын болсақ, онда ең дұрысы, жұбайды тақуалығына қарап таңдау жөн болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: