6. Әбу Зарр әл-Ғифари (р.а.): үлкен жүректі, адамгершілікті адам
Ол үлкен сахабалардың бірі еді, дінге берілгендігімен және кедейлерге деген қамқорлығымен танымал болған. Оның толық есімі Жундаб ибн Жунад, өзі Ғифар тайпасынан шыққан. Ибн Саад «Ат-Табакат әл-кубра» кітабында ол қараторы, ұзын бойлы адам ретінде сипатталған. Жәһилиәт дәуірінде Ғифар тайпасының адамдары өздерінің маскүнемдіктерімен, тонаушылықтарымен және пұтқа табынушылықтарымен танымал болған. Алайда Әбу Зарр бұл тайпа салттарынан Исламды қабылдамай тұрып-ақ бас тартқан.
Оның тайпаласының бірі Меккеде өзін Алланың Пайғамбарымын деп бір адам шығыпты, ол адамдардың жақсылық жасауына жетелейді әрі зұлымдыққа тыйым салады дегенін естіп Әбу Зарр Меккеге жол тартады. Пайғамбарымызбен (ﷺ) кездесіп Әбу Зарр Исламды қабылдайды. Келесі күні ол Қағбаға барып, өзінің діні туралы ашық айтады, содан кейін оны құрайыштар ұрып тастайды. Ол қайтадан барады, оны қайтадан ұрып тастайды. Бірнеше рет осылай болған соң, Пайғамбарымыз (ﷺ) оған өз тайпасына барып Ислам туралы айтуын бұйырады. Кейінтінде ол Мединеге көшіп, Бәдірдегі шайқасқа, басқа да үлкен шайқастарға қатысады. Османның (р.а.) билік етіп тұрған уақытында Әбу Зарр кейбір мұсылмандардың ысырапшылдық өмір салттарына қарсы шыққандардың бірі және кейбір адамдарға қазынадан көп ақша беретіндерді кінәраттаушы болған. Әбу Зарр Маруан әл-Хакамды, Османың немере ағасын, қазынадан 500 000 дирхам алғаны үшін айыптаған соң, Әбу Заррды Мединеден Дамаскіге жібереді. Дамаскіде ол байлардың салтанатты өмір салтына және кедейлерді менсінбеуіне қарсы шығуын жалғастыра берді, мұнысы Османның туысы Муауи ибн Әбу Суфьянмен болған жанжалға әкеліп соғады. Пайғамбарымыз (ﷺ) бірде Әбу Заррға алдын-ала былай айтқан: «Сен жалғыздықта өмір сүресің, жалғыздықта жан тәсілім етесің, өліден жалғыз болып тірілесің және Жұмаққа да жалғыз кіресің». Бұл болжам оның көзі тірісінде орындалды – сол кезең жағдайларына байланысты Әбу Зарр Дамаскіні қалдырып, Ар-Рабаттың шөл даласына өмір сүруге кетеді, сол жерде жалғыздықта қайтыс болады.
asyldin.kz