Бір күні қатты шөлдейді. Құдықтан су тартатын шелегі болмағандықтан не істерін білмей тұрғанында екі киік келіп, құдықтағы судың көтерілгенін көреді. Киіктер су ішіп, ол жерден алыстап кетеді. Гәнжи Шекер құдыққа жақындағанда суы қайтадан төмендеп кетеді. Бұған таңданып, «Ей, Раббым, бұның хикметі не?» дейді. Мындай дауыс естиді: «Жануарлар рахметіне сеніп, суға қауышты. Сен шелекке сенгенің үшін судан мақрұм қалдың». Бұған қатты өкінеді. Тәубе етіп, истиғфар айтып, 40 күн ораза тұтады. Содан кейін аузына салғандары шекерге айналады.
Мешітке келе жатып аяғы тайып, лай толы шұңқырға құлап түседі. Аузына кірген балшықтар шекерге айналып кетеді. Ұстазы Құтбиддин Бахтияр былай деген екен: «Лай аузыңда тәтті шекерге айналғанда Алла Тағала сені тәтті адам қылады. Жағымды, тәтті сөйлейтін боласың». Осы оқиғадан кейін адамдар оны Шекер Гәнж деп атай бастаған.
Көп ораза тұтатын және кейде ауызашарда жейтін нәрсе таппай қалатын. Бір түні қарны аш кезінде аузына кішкентай тастарды салады. Бұлар шекерге айналып кетеді. Ұстазы оны «Гәнжи Шекер» (шекер қазынасы) деп атайды.
Түйелеріне қап-қап шекер тиген саудагерден не алып бара жатқанын сұрағанында саудагер қалжыңдап «Тұз» деп айтқан. «Жарайды «тұз болсын» деп бұйырады. Саудагер Дели қаласына келіп, шекердің тұзға айналғанын көріп аң-таң болады. Артқа қайтып, Гәнжи Шекерден кешірім сұрайды. Ол «жарайды, шекер болсын» дегенде тұздары қайта шекерге айналады.