ЖҰМА КҮНГІ ӘДЕП

ЖҰМА КҮНГІ ӘДЕП

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жұма күнінің үлкен құндылығы бар. Алла Тағала бізді – өзінің құлдарын өте жақсы көреді, біздің Жұмаққа кіргенімізді қалайды. Сондықтан да Жаратушы Өзінің шексіз қазынасының сыйлықтарын қолдануымызға мүмкіндік береді. Алла бізге кейбір ерекше күндер мен түндерде адамдардың әдейі немесе жазатайым жасаған күнәлары мен қателіктерінің кешірілетіні туралы айтқан. Бұдан басқа осы күндер мен түндерде жасалған құлшылықтың барлық түрлері, тіпті аз болса да үлкен сауапқа кенелтеді. Жұма – осындай қасиетті күндердің бірі.

Екі дүние Сардары, біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) келесіні айтқан :
«Күндердің ешбірінде қасиетті де тамаша жұмадағыдай күн шығып, күн батпайды. Құлдың ізгі дұғасы мен өтініші міндетті түрде қабыл болатын, ал жаманнан аулақ болуды қалаған адам әрқашан қорғанышта болатын он күннің бір күні бар» (Тирмизи, Тәпсір, Буруж, 3336).
Жұма күніне дайындық түннен басталып әрі мерекелік көңіл-күймен жасалады.

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) жұма күніне түннен бастап дайындалатын. Ол мұқият жуынатын және ғұсыл құйынатын, ал таңертең ең таза киімін киетін, хош иісті себетін, шашын тарайтын. Егер қажеттілік болса, Алла Елшісі (ﷺ) сақалы мен шашын қысқартып, тырнақтарын алатын. Екі дүние Пайғамбарымы (ﷺ) Алла Тағалаға үнемі зікір айтып және таспиық тартатын, бұл оны тек сөзбен ғана емес, сондай-ақ, жүрегімен де айтатын. Адамзат баласының ең асылы (ﷺ) үшін жұма күні ерекше және қымбат болатын. Алла Сүйіктісі (ﷺ) намазға жүретін жолы раушан гүлдерімен аңқып тұратын. Пайғамбарлардың мөрі Мұхаммед (ﷺ) өз үлгісімен бізге жұма күнді қалай өткізу керектігін көрсеткен.

Жұма намазға жылдам және құлшыныспен бару керек.  
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:

«Әй мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы» (62:9).

Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (ﷺ) бізге былай айтқан: «Кімде-кім жұма намазға бәрінен бұрын келсе, сол ең көп сауап жинайды» :

«Жұма болғанда, мешітке кіретін барлық есіктерге періштелер жиналады. Олар бәрінен бұрын келгендерді жазып тұрады. Имам мінбеге шыққанда, періштелер кітаптарын жауып, зікірді қалай айтатындарын тыңдауға кетеді» (Мүслім, Жұма, 24 (850)).

Жұма күні салауатты көбірек айту қажет.
Біздің Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

- Күндердің ең игісі - жұма күні – маған көбірек салауат айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың маған жеткізіледі.
Сонда сахабалар:

- Уа, Алла Елшісі! Сіз бізден кеткен соң, біздің салауатымыз сізге қалай белгілі болмақ? – деп сұрайды.

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай жауап берген екен :
- Алла Тағала жерге пайғамбарлардың денесін шірітуге тыйым салған. Біреудің сәлеміне жауап бере алуым үшін, Алла Тағала сол сәтте маған менің жанымды қайтарады. (Әбу Дәуд, Салат, 201. Әбу Дәуд, Манасик, 96).

Кәне, біз де өзіміздің сүйікті Пайғамбарымызға (ﷺ) ізетке, сүйіспеншілікке және толғанысқа толы салауатымызды айтып отырайықшы!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: