Құран мен хадистерде қарастырылған 15 қаржы мәселесі

Құран мен хадистерде қарастырылған 15 қаржы мәселесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Өсімқорлық/пайыздық қарыздар

Жабир ибн Абдулла (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Пайызға ақша алғанды, оны бергенді, мәмілені жазғанды және екі куәгерді, «олардың бәрі (күнәда) бірдей» деп лағынеттеген». «Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әpi Алла барлық қарсы келуші күнәкарды жақсы көрмейді» (2:276).

Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Миғраж түні (Тозақ мекендеушілерінен) маған іштері үйдің көлеміндей болған бір топ адамдарды көрсеткен. Олар (бұл іштер) сыртынан да көрініп тұрған жыландарға толы еді. Мен Жәбірейілден: «Бұл адамдар кімдер»? - деп сұрадым, «Бұл адамдар өсімқорлықпен айналысқандар», - деп жауап берген» (Ахмад, Ибн Мадж). Абдулла ибн Ханжал (р.а.) Пайамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Саналы түрде өсімқорлықпен алынған бір дирхам 36 рет зина жасағаннан да жаман» (Ахмад, Даракутни).

2. Мұрагерлік пен өсиет

«Әке-шеше және жақындарыңның қалдырған нәрселерінің әрқайсысына
мұрагер қылдық. Сондай-ақ сендермен серт байлағандарға да сыбағасын
беріңдер. Алла (Т.) әр нәрсені бақылаушы» (4:33). Ибн Омар (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Егер мұсылманның мұра етіп қалдыратын әлдебір мүлігі болса, оған өсиет қалдырмай екі түннен артық ие бола алмайды» (Бұхари, Мүслім).

Әнас (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Егер кімде-кім мұрагерді оның мұрасынан айырар болса, Қиямет күні Алла оны
Жұмақтағы мұрасынан айырады» (Ибн Мадж).

3. Рұқсат етілген жолмен өмір сүру керек

Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Рұқсат етілген әлде тыйым салынған жолмен күн көріп жүргендері ешбір адамды қынжылтпайтындай бір уақыт келеді» (Бұхари). Жабир (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Тыйым салынған аспен қоректенген Тән Жұмаққа кірмейді. Тәнде тыйым салынған астың арқасында жетілген Жан көбінше Тозаққа лайық» (Ахмад). Әбу Саид (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Адал және сенімге лайық саудагер Жұмақта пайғамбарлармен, тақуалармен әрі дін үшін азап шегушілермен бірге болады» (Дарими, Тирмизи).

4. Қарыздың дер кезінде қайтарылуы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Аулақ жүретін үлкен күнәлардан соң, қарыз бола тұрып, оны қайтаруға мүлік қалдырмай қайтыс болып кеткен адамның күнәсі (тұрады)» (Дарими).

5. Қарыздар – борышқорға деген қайырымдылық

Әбу Катада (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Егер адам Қиямет күні қиыншылықтарынан Алла оны құтқарсын десе, ақшасы жетпей не болмаса қарызын толықтай қайтарар мүмкіндігі болмай
жүрген борышқорына қарыз төлеу уақытын ұзартсын» (Мүслим).

6. Міскіндерге көмек

«(Мұхаммед Ғ.С.) Сондай дінді өтіріксінгенді көрдің бе? Міне сол жетімді қақпайлағанды, Міскінді тамақтандыруға қызықтырмайды» (107:1-3). Сафван ибн Салим (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім жесір мен міскін адамға қамқор болса, онда Алла жолында соғысып жүрген жауынгерге және күндіз ораза ұстап, түнде құлшылық ететін адамға тең болады» (Бұхари).

7. Байлықтың қорлануы

«Әй мүміндер! Ғалымдарымен машайыхтарының көбі, адамдардың малдарын бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосады. (Мұхаммед Ғ.С.) сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле» (9:34).

8. Міскіндерге деген шығын қабір азабын жеңілдетеді

Әнас ибн Мәлік (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Шындығында, (міскіндерге) деген қамқорлық Алланың қаһарын жібітіп, өлім азабын жеңілдеттіреді» (Тирмизи).

9. Ысырапшылдықтан аулақ болыңыз

«Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар. Шынында ысырапқорлар шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббыңа өте қарсы» (17:26-27). Амр ибн Шуайб (р.а.) өз әкесінің беделіне сүйене отырып, ал әкесі өз әкесінен Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Ішіп-жегенде, садақа бергенде және киім кигенде, қанағатсыздық пен тәкаппарлық сіздің жасап жүргендеріңізге араласпасын» (Ибн Мадж, Насаи).

10. Сараң болмаңыз

Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Әр күн көктен екі періште түседі екен, соның біреуі: «Уа, Алла! Сен үшін шығын шығарған адамға сый бер», - десе, екіншісі: «Уа, Алла! Сараңдардың бәрін құрт», - дейді екен (Бұхари).

Әбу Саид Худри (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген:
«Мүмінде болмайтын екі әдет бар – бұл сараңдық пен жаман мінез-құлық» (Тирмизи). Жабир (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Басқаларға әділетсіздік танытпаңдар, Қиямет күні ол өздеріңе түнек болып келер және сараңдықтан сақ болыңдар, ол сендерге дейінгілерді құртқан. Ол өлтірушілікке азғырып, қаражатты заңсыз түрде алуға итермелеген» (Мүслім).

11. Шығындардағы ұстамдылық

«Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа (өте сараң болма да бір-ақ берме). Онда сөгіске ұшырап, таршылықта қаласың» (17:29) «Олар мал сарып қылғанда, ысрап та қылмай, сараңдық та істемей, осы орталықта тұрады» (25:67).

12. Парақорлықтан аулақ болыңыздар

«Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар» (2:188).

13. Барға қанағат ету

Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Байлық - мүлкіңнің көлемімен (саналмайды), (барыңа) қанағат етуіңде» (Бұхари, Мүслім).

14. Біреудің мүлкіне деген қызғаныш

Ибн Масуд (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын естідім деген: «Екі адамға деген қызғаныштан басқа қызғаныш болмауы керек: Алла байлық беріп, ол оны дұрыс бағытта ұстағанға және Алла даналық (діни білім) берген адамға, ол тиісті түрде шешім қабылдап және басқаларды үйреткенге» (Бұхари).

15. Өз ісіңді дұрыс жүргіз

Жабир (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Мейірбандық танытқан адамға ол сатқанда, сатып алғанда және (бір нәрсені) талап еткенде Алла оған рақымшылық етсін» (Тирмизи).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: