Яһуди көрші

Яһуди көрші

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көршіге қиянат жасамау керек, сонымен қатар көршінің жасаған қиянатына сабыр ету керек. Көршінің мал-мүлкіне көз тікпеу (дәметпеу) керек. Бірақ өзіңде мал-мүлік болса, одан көршіңе де ұсыну керек.

Малик бин Динар хазіреттің яһуди көршісі бар еді. Бұл яһуди дұшпандық ойлап, үйінің әжетхана шұңқырын Малик хазіреттің бөлмесінің артына тақап жасайды. Бөлмесіне әжетхананың суы өтіп, жағымсыз иістер шығып, мазасын қашыратын еді. Малик бин Динар хазірет күнде өткен суды құрғатып сүртіп, жаман иістерді кетіру үшін әдемі иісті нәрселерді сеуіп қоятын.

Яһуди Малик бин Динар хазіреттің мазасызданып жүргенін білетін. Бірақ шағымданып келмегеніне аң-таң еді. Шыдамы жетпей көршісінің үйіне өзі барды. Жаман иісті сезгенінде:

–       Ей, Малик! Мынау ненің иісі? – деді.

–       Бұл бөлмеге иісі шығатын нәрселеу сеуіп жүрмін.

–       Жоқ, бұл әжетхананың иісі, қара дуалдан тамшылап жатыр. Неге маған айтпай жүрсің?

–       Егер айтсам, сен ренжитін едің. Біздің дінімізде көршіні ренжітпеу және одан келген қиыншылықтарға төзу деген бар. Көршімен ұрыс-керіс деген болмайды.

Бұл сөздерді естігенде яһудидің төбесінен су құйылғандай болды. Кейін былай деді:

–       Бүгінге дейін Ислам дініне дұшпан едім. Қазір болса, Ислам дініне қайран қалдым. Мұндай әдемі және көркем мұсылман болу үшін не істеу керек болса, бәріне дайынмын. Яһуди шәһадат кәлимасын айтып, мұсылман болды. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: