#Т.Рысқұлов: «Мектепке жол» акциясы басталды

#Т.Рысқұлов: «Мектепке жол» акциясы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажының ат салысуымен «Мектепке жол» акциясы жүзеге асты.

Бұл акция алдағы оқу жылына тұрмысы төмен отбасылардың балаларын мектепке дайындау мақсатында ұйымдастырылды. Қайырымдылықта балаларға киім - кешек, аяқ киім және оқу құралдары мен сөмке таратылды. Сонымен қатар, тұрмысы төмен көпбалалы 2 отбасыға 100 мың теңгелік сертификат табысталды.

Бұл қайырымдылық акциясына арнайы Серік Қалиев, Алтынбек Рахымберді, Ермек Көкірекбаев келіп қатысты. Бас имам демеушілік танытып қолдау білдірген барлық демеушілерге өз алғысын айтып, ақ батасын беріп ағынан жарылды.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: