#Жуалы: Аудандық мешітке жаңа кілем төселді

#Жуалы: Аудандық мешітке жаңа кілем төселді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Толымбай тегі Зиябек» орталық мешіт ашылғалы бері көпшілік намаз оқыған кілем ауыстырылып жаңа кілем төселді. Аталмыш игі шараға өңіріміздің дінге жан ашыр игі жандардың демеушілігімен өз үлесін қосты.

Арнайы тапсырыспен әкелінген жаңа  кілем мешітіміздің ажарын ашып, ерекше өң берді әрі жамағаттың намаз оқуына да өте қолайлы.

Осы игі бастамаға қолдау жасап, қол ұшын берген барша мұсылман қауымына алғысымыз шексіз. Алла екі дүниенің жақсылығын бергей!

Осындай игі іске мұрындық болған азаматтарға Алла разы болып, көптеп сауаптан жазылсын. Жұма намазы соңында мешітке қайрымдылық жасаған азаматтарға дуға жасалып, ақсақалдар өз баталарын берді. Жамағат жаңа кілем үстінде Аллаға құлшылықтарында бастап та үлгерді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: