#Жуалы: РАНТ мүшесі Ғазиз Ахметов Теріс ауылдық мешітінде уағыз жүргізді

#Жуалы: РАНТ мүшесі Ғазиз Ахметов Теріс ауылдық мешітінде уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Даналық сөзде: «Көңілдегі құпияңды – көзің айтып қояды, көп сөйлеген күпілдеп – сөзін айтып қояды», – деп айтылған. Ардақты Пайғамбарымыз  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  «Кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірген болса, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін», – деп айтқан (имам Мүслим). Сол үшін де мұсылман адам сөйлегенде әр сөзін ойланып, өзіне, өзгеге зиян келетін барлық сөз түрлерінен сақтануы турасында  насихаттау мақсатында Теріс ауылдық мешітінде «Сыр-аманат»  тақырыбында уағыз айтылды. 

Насихат жұмыстарын РАНТ мүшесі  имам Ғазиз Ахметов жүргізді.   Білікті маман "сыр сақтаудың және аманаттың орындалуы" жайлы сөз сөйледі. Ұйып тыңдаған жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, ғайбат айтудан арылудың жолын, әдісін тізбектеп түсіндіріп өтті. 

Уағыз-насихаттан кейін арнайы шақырылған қонақ Ғазмз Ахмет және келген көпшілік жамағаттарға арнайы дастархан  жайды. 

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: