#Т.Рысқұлов: Аудандық құран жарыс өтті

#Т.Рысқұлов: Аудандық құран жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық «Көгершін» мешітінде ауданға қарасты ауылдық мешіттердің шәкірттері құран оқудан 2 номинация бойынша жарысты. Жарты пара номинациясына 25 үміткер, 1 пара номинациясына 12 үміткер қатысты. Жарысқа аудандық «Сұлтан» мешітінен, Қарақат ауылдық «Сүлеймен ата» мешітінен, «Көгершін» мешітінен, Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінен және Тереңөзек ауылдық «Таңат ата» мешітінен шәкірттер қатысып, бақ сынасты.

 Құран жарысына «Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуаныш ұстаз, Бекқожа қари және Елдос ұстаз қазылық етіп, оң шешімдерін шығарды.

 Сонымен қатар, ауылдың кәсіпкері, діннің дамуына өз үлесін қосып жүрген жанашыр Дәурен ағамыздың демеушілігімен жарысқа қатысқан  әр балаға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Бір парадан 1 ші орын алған Жарлысу ауылынан қатысқан Сейфуллаға 200 мың ақшалай жүлде табысталды. Бас имам Сұлтаншәріп қажы кәсіпкер Дәурен ағаны өз атынан алғыс хатпен марапаттап, Алланың кәламы Құранды сыйға тартты.

 Қуаныш  Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: