Шу аудандық "Жәми" мешітінде ҚМДБ Жамбыл облысы Шу ауданы Әйел-қыздар секторының ұстазы Сәуле Бекмембетова әйел-қыздар жамағатына келілі уағыз айтты.
Қазіргі таңда болып жатқан оқиғаларға зер сала отырып, діни иммунитетті, сауаттылық арттырудың маңызды екенін жеткізді. "Түрлі жат ағымдарға қосылып кетпеудің жолы діни сауаттылық. Біз өзіміздің ұстанымымыз бен амалымызды, сенімімізді нақты білсек, адасу жолынан алыста боласыз, - дейді ұстаз.
Жат ағым түрлері, оны ұстанушылардың адасқан тұстары, айырмашылық, сенім тұрғысындағы дәлелдер туралы тілге тиек етілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі