Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде “Имани жаз - 2022” жазғы сауат ашу курсының қыздар бөлімі дәрістерін тәмәмдады.
Бір ай бойы Құран, дұға, әдеп, ғибадат сынды басқа да пәндерден сабақ алған жеткіншектердің үздіктерін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев алғыс хаттармен марапаттады.
90-ға жуық қыз баласы 30 күн білім алып, үлкен топтың шәкірттері осындай қыса мерзімде Құранға түсіп те үлгерді.
Бас имам ұстаздарына алғыс жариялай отырып, қыздарға білімді саналы ұрпақтың үлгісі болуларын тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі