Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысы бойынша өкілдігі кәсіпкерлерге семинар өткізді.
Семинарды “Халал Даму” ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы мен “Шариғат және пәтуа” бөлімінің маманы Медет Құрсақов жүргізді.
Шараға “Халал Дамудың” жергілікті өкілі Нұрматжан қажы Миразизов пен өңірдегі жауапты маманы Абылайхан Ғабитұлы қатысты.
Халал асты даярлау, оның шарттары, Алла алдындағы адалдық, қоспалар сынды көптеген тақырыптар қамтылған семинардан соң ZOOM арқылы қасапшылар семинары тындалды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі