"Шынықсаң шымыр боларсың" дейді халқымыз. Шу өңірі жамағатының ауызбіршілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мешіт имамды мен жамағатынан құрылған топтар арасында футболдан сайыс өтті.
Дүбірлі додаға "Тоғай", "Бәйдібек", "Жәми", "Кәрібай Молда", "Бірлікүстем", "Көктөбе", "Тоғай жастары", "Имамдар" атты 8 топ қатысып, бақ сынады.
Бірінен-бірін озып, үздік ойын көрсеткен топтардың ішінен "Тоғай" тобы 1-орын, "Көктөбе" тобы 2-орын, "Бәйдібек" 3-орынға иеленді. Жүлдегерлерге кубок және бағалы сыйлықтар таратылды.
Сонымен қатар М.Әмірханов - "Үздік қақпашы", Шу ауданының бас имамы Б,Әміреев - "Үздік шабуылшы", Б.Әбдікәрім - "Үздік қорғаушы" номинациялары бойынша марапатталды.
Тартысты өткен ойын көпке дейін жамағаттың есінде қызығымен сақталып қалмақ.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі