#Тараз: Қайырымдылық – халқымыздың қанында бар

#Тараз: Қайырымдылық – халқымыздың қанында бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Қазақ халқының қанында ежелден бар, атадан балаға жалғасып келе жатқан ізгі қасиеттің бірі  –  қайырымдылық. «Жетімін жылатпай, жесірін қаңғыртпай», үй салса асарлатып, қоныс аударса ерулік беріп, қаржысыз қалса, сауын сиырын жетектетіп жіберіп, малына қасқыр шапса, жылу жинап, орын алған қандайда бір келеңсіз оқиғаның орнын білдіртпей жіберуге көп болып атсалысқан.

Балалар үйі мен қарттар үйінің не екенін білмеген қазақ даласында қайырымдылық пен қамқорлық көрсетудің түрлі әдістері көрініс тапқан. Бабалар дәстүрі жаңғырып, қайырымдылық шаралары жалғасын табуда. Тараз қаласы «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің бас имамы Ембергенов Амангелдінің ұйытқы болуымен баспанасының құрылысы жүріп жатқан, құрылыс материялдарына мұқтаж, 3 жетім баланың анасының салынып жатқан үйінің ішкі қабырғалары сылап әрі бүкіл бөлмелерінің еденіне стяжка құйып берілді. Сылақ пен стяжкаға 80 қап цемент, 2 камаз құм тағы басқа құрлыс заттары қолданылды.

Бұл жұмыстарды істеген жұмысшыларға еңбекақы ретінде 380 000 теңге берілді. Бұған қоса бөлмелердің қабырғаларына сылақтың сыртынан жағылатын, «штукатурка гипсовая усиленная» деп аталатын 30 қап құрлыс заттарын имамның өзі 71 000 теңгеге алып беріп, өзі арнайы барып табыстап қайтты.

   Қайырымдылық көмекті алған мұқтаж отбасы имамға шексіз алғысын айтты.   

Тараз қаласы «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: