Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы "Құдайберген" мешітінің имамы Саламат Аманбаев ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті.
Білікті маман жат ағымның қоғамға тигізетін зияны, сол салдарынан пайда болған қасылықтар, қоғамдағы қайшылықтарды сөз етіп, ата дініміз бен жат ағымның ара-жігін айырып берді.
Көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындар теріс бағытты ұстанушылардың қателескен тұстары, олардың сенімі, дәстүрлі дінімізден ажырата алудың әдістерін сұрады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі