#Меркі ауданы: Намазхана мешітінің тыныс тіршілігі

#Меркі ауданы: Намазхана мешітінің тыныс тіршілігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт – жердегі Аллаға құлшылық ететін орын. Мешіт – бейбітшілік пен тыныштықтың орны.

Сондай жағдайды қалыптастыру мақсатында, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданындағы барлық мешітке жауапты болған соң, әр аптаның 2 күнін мешіт аралауға арнады.

Бұл жолғы кезек, Ойтал ауылы «Намазхана» мешітіне келіп жетті. Азамат Берікұлы мешіт имамымен жолғып, мешіттің тыныс тіршілігімен, болашаққа жоспарларын танысты. Ауыл имамы мешіт жанынан асхана салынып жатқанын, сауат ашу курсы жүріп жатқанын баяндады.

Мешітпен танысып болған соң, құптан намазына жиналған жамағатпен кездесіп, имам жайлы, имамға көңілдері толамекен, қандай арыз шағымдары бар екен, соны сұрастырды. Ауыл жамағаты имамды мақтап, Алладан ісіне жеңілдік тіледі. Имамға разы екендіктерін айтып, алғыстарын білдірді.

Кездесу соңында намаз оқылып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеп дұға жасалды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: