#Меркі ауданы: Ақсақалдарымызға зиярат жасалды

#Меркі ауданы: Ақсақалдарымызға зиярат жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен мешіттен қалмай, 5 уақыт намазын тек мешітте оқыған, тағдыр тәлкегіне ұшырап, денсаулығы сыр берген ақсақалдарымызды зиярат етіп қайтты.

Айта кетейік, Сатан атамыз күнделікті 5 уақыт намаздан қалмай, мешіт жастарына өз ақылын айтатын ақсақалдарымыздың бірі еді. Ал, Абдухалит атамыз болса, күніге таң намазынан кейін Құранның жүрегі болған «Ясин» сүресін оқып Алладан дұға жасаушы еді.

Қал жағдайын сұрап, зияратқа келген бас имамды көріп аталарымыз қуанып, алғыстарын білдірді.

Үлкендердің батасын алуды жақсы көретін Азамат Берікұлы аталарымызға Алладан шипа тілеп, дұға жасап, қимастықпен қоштасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: