Шу ауданы Белбасар ауылы "Хати Сауранбайұлы" мешітінде 15 жасқа дейінгі ер балалар арасында 30-шы параны жатқа оқу бойынша Құран жарысы өтті.
Сайысқа арнайы Тараздан ҚМДБ-ның Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Белбасар ауылының тумасы, кәсіпкер, Тараз және Шу өңірінің құрметті азаматы, сайыстың ұйымдастырылуына мұрындық болған Болат Оспанұлы келіп қатысты.
Білім додасына обыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат, "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұстазы, қари Бірлік Амангелі, Алматы орталық мешітінің ұстазы Қуаныш Әбішов төрелік етті.
Сайыс нәтижесі бойынша 1 орынды Алматы қаласынан келген 8 жасар Ибраһим Нұрланұлы, 2 орынды Түркістан облысы Кентау қаласынан келген 15 жастағы Дінмухаммед Бахытжанұлы, 3 орынды Жамбыл облысы Меркі ауданынан 13 жас Амаль Азизович иеленді. Сайыс жүлдегерлеріне қаржылай сыйлықтар табысталды. 1 орынға 300 000 мың теңге, 2 орынға 200 000 теңге, 3 орынға 100 000 теңге. Ал төменде аты аталған үміткерлер әрқайсысы 20 000 теңгеден ынталандыру сыйлығын алды.
1. Ерназ Мухиятұлы, 13 жас, Алматы каласы;
2. Бексұлтан Еркінбекұлы, 15 жас, Тараз қаласы;
3. Малғаждар Ибраһим Ермекұлы, 11 жас, Алматы облысы Талдықорған каласы;
4. Султан Еркебұлан Русланұлы, 14 жас, Алматы облысы;
5. Нұртуғанұлы Мекке, 10 жас, Алматы облысы Талдықорған каласы.
Сондай-ақ, көрермендер көзайымы номинациясын Тараз қаласының тумасы 9 жасар Жапек Ғалымжан Ғалымбекұлы иеленді. Имам, ұстаздар балаларға игі тіліктерін жаудырып, Құран қарилары болсын деп дұға жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі