Шу ауданына қарасты ауыл мешіттерінде балаларға арналған сауат ашу курстары өз жалғасын табуда.
Оқушылар Құран, дұға, мұсылман әдебі, сенім, ғибадат, ислам тарихы сынды пәндер бойынша дәріс алуда. Сабақ арасында тіске басар жасалып, түрлі тәттілер таратылып, қасиетті жұма да балдырғандар балмұздақтан дәм татуда.
Шу аудандық "Жәми" мешітінде, Бөлтірік ауылы "Бөлтірік шешен" мешітінде, "Аманкелді" мешітінде Біржан Бақбергенұлы, Әбубәкір Абдрайымов сынды имамдар ұстаздық етуде.
"Ел болам десең, бесігіңді түзе" демекші, еліміздің ертеңі жарқын, патриот, біреудің ақысын жемейтін ұрпақ өсіру үшін діни тәрбие мен білімнің маңызы зор. Тарихтан белгілі қазақ зиялы қауымының барлығы ең алғаш медреседе хат танып, діни білім алған. Сол ағаларының жолын қуған саналы ұрпақты тәрбиелу үшін дін тәрбиесін беру қажет-ті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі