#Қордай: АТТ мүшесі Қордай өңірінде

#Қордай: АТТ мүшесі Қордай өңірінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қорай өңіріне Шу ауданының бас имамы, АТТ мүшесі Бахтияр Амантайұлы арнайы іс-сапармен келді. 

Білікті маман аудан бойынша 10 мешітте кездесу өткізіп, жат ағымның алдын алу бойынша профилактикалық кездесулер жүргізді.

Жат ниетті ағым, қарапайым халықты сонау ата-бабадан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту мақсатында қаншама айлы-шарғыларын жасап әлек. Хақиқи Исламның атын жамылған ағымдар ашық та, жасырын да ел ішінде теріс бағытта қызмет жасауда. Әсіресе, қазақтың дүниетанымына сай келетін Әбу Ханифа мәзһабын мойындамай, жоққа шығарғысы келетіндердің әрекеті байқалады. "Жат ағым өкілдері қарапайым халықты қалай өзі ұстанған сенім жолына алдап-арбайды? Оның басты деген амал-тәсілдері қандай? - деген сұрақтарға жауап берген имам жат ағымның елімізге, мұсылманшылыққа келтірген зиянын шегелеп айтты.  

Жамағат өз сауалдарын қойып, дәйекті де дәлелді жауаптар алды. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: