Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен. Біздердің жасаған қандайда бір жақсы істердің қайырсыз кетпейтіндігі жайында Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырыды» деп баяндалады.
Осындай игі іс аудандық Қордай мешітінде ұйымдастырылып, 20 отбасыға азық-түлік таратылды. Сонымен қатар көмек алғандарға "Намаз оқып үйренейік" кітабы сыйлыққа берілді.
Аталған қайырымдылыққа разы болған жанұялар алғыстарын айтып, қуаныса тарқасты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі