Қордай ауданы "Аманат" партиясы залында өрт сөндіру қызметкерлерімен кездесу жасалды.
Жиынға Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Бекзат Жұмабайұлы арнайы барып, жат ағымдар турасында, оны ұстанушылар мен сипаттары шектен шыққан тұстары жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Діни білімнің маңыздылығы, ата дін мен түрлі ағымдар арасындағы айырмашылық сынды сұрақтарға жауап беріп, мардымды мағұлматтар беріп қайтты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі