Қордай аудандық орталық мешітінде ҚМДБ Жамбыл облысы Қордай ауданы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Орамалды періштем" атты рухани кеш өтті.
Шара Балнұр Асхатқызының Құран аяттарын оқумен ашылып, мешіт ұстазы Эльмира Есімқараеваның кіріспе сөзімен жалғасты.
Іс-шарада "хиджаб" сөзінің мән-мағынасы түсіндіріліп, қыз-келіншектерге ханафи мазһабы бойынша шариғат шәлісін тағу шарттары жеткізілді.
Түрлі қызықты ойындар ойнатылып, берілген білім ерекше сіңімді болды. Қыздар Алла Тағаланың шәліні парыз етуінің маңызын түсінді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі