Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешітке келген аудан жастарына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы негізінде 3- тарауынан «Еңбек ету» тақырыбы бойынша жастарға дәріс өткізді. Аталған дәрісте аудан имамы әр мұсылман адал кәсіппен шұғылданып, адал табыспен күн көруге жіті көңіл бөлуі тиіс екендігін сөз етіп.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде маңдай терімен еңбектеніп жүрген мұсылмандарды мақтап, адал несібе іздеуге шақырғандығын айтты. Жастардың сан сауалдарына жауап берген аудан имамы тек адал кәсіп етуге шақырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі