Жамбыл ауданы орталық Спорт сауықтыру кешенінде «Кемел кездесу» айлық дастарханы ұйымдастырылып, «Тәрбие – тал бесіктен басталады» тақырыбында насихат жүргізілді.
Спорт бапкерлерімен өткен келелі кездесуде құрметті қонақ болған ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жастар тәрбиесі жөнінде насихат айтқан болатын. Аталған кездесуге кешен қызметкерлері аудан имамына сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сондай-ақ, аудан имамына қызметкерлер арнайы қонақ болғаны үшін алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі