Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің имамы Ғани Жанұзақұлының ұйымдастыруымен мешітте «Имани жаз» жаздық сауат ашу курсы ашылған болатын. Аталған курс лагер ретінде құрылғандықтан, балаларға оқудан бөлек, ойын ойнатып, тәрбие ісі жөнінен де тыс қалып жатқан жоқ.
Ұл балалар мен қыз балаларға бірден ашылған лагер үшін ауыл тұрғындары ауыл имамына алғыстарын жаудырды. Сонымен қатар, ескере кететін жайт, курсқа жазылу үшін, ілім алушының таратынан ата-анасының рұқсат қағазы талап етіледі.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі