Шу ауданының бас имамы, АТТ мүшесі Бахтияр Амантайұлы Меркі ауданына арнайы сапармен барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты.
Теріс ағымның алдын алу мақсатында аталған өңірдегі бірнеше мешітте жамағатпен жүздесулер жасап, жат ағым деген кімдер, олардың адасқан тұстары, теріс бағытқа түсіп кетпес үшін нені білу керек деген тақырыптар аясында насихат айтты.
Көпшілік білікті маманға өз сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын ала алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі