Аудандық "Қордай" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Қордай өңірі бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Имандылық әліпби" атты рухани кеш өтті.
Рухани іс-шараны Самия Ахметәліқызы Құран аяттарын оқумен ашты. Мешіт ұстазы Эльмира Есімқараева сөз сөйлеп, білім алудың маңыздылығы жайлы көркем насихат айтты. Ал жазғы сауат ашу курсының қыздары көрініс қойып, өлең жолдарын оқыды.
Қыздарға қызықты ойындар ойнатылып, білім ойын түрінде берілді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі