Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты ауылдардың мешіттерін Жамбыл облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Шу ауданының бас имамы Бақтияр Әміреев аралап уағыз-насихат жасады. Бақтияр Амантайұлы 10 нан аса ауыл мешіттерінің жамағатымен кездесіп, діни жат ағымдардың алдын-алу жұмыстары жүргізілді.
«Халқымыздың ежелден діни сенімі қалыптасқан, дәстүріне берік екені бесенеден белгілі. Сол себепті, сырттан келген елдің ой-санасы қабылдамайтын мұндай ағымдармен біз бүтін қоғам болып күресуіміз керек. Шын мәнінде, асыл дініміз елдің өсіп-өркендеуін, көркеюін, халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттыруды мұрат етеді.
Осы жолда бар мүмкіндігімізді, білім-біліктілігімізді салып, қызмет етуге қашанда әзірміз. Жат ағымның ынтымағы жарасқан жамағат арасында таралуына жол жоқ»,- деді Бақтияр имам.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі