#Жамбыл: Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

#Жамбыл: Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Аманат орталық кешеніңде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» турасында дөңгелек үстел өтті. Аталған кездесуге басты қонақ ретінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы шақырылған болатын.

Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлерімен өткен жиында сөз алған ауданның бас имамы «діни экстремизм» жөнінде кеңінен ақпарат беріп, қалай алдын алуға болатындығымен бөлісті. Сөз соңында аудан имамы, дін атын жамылып, арам пиғылдарын іске асырмақ болып жатқан экстремистер мен лаңкестерге қарсы тұру – баршамыздың ортақ міндетіміз, әрі мүддеміз екендігін еске салды.

 Бұл міндетті іске асыруда дін көшбасшылары мен мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелері, жалпы ұлт болып, халық болып бір сапта, бір шепте тұрып, біріге күрес жүргізуіміздің маңыздылығын айтты.

 Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: