Оқу жылы аяқталып, түлектер қолдарына маман деген заңды құжаттарын алды.
Міне, осы түлектердің қатарында Шу өңірінің азаматы Айдарбек Саят Қанатұлы да бар. Ол "Нұр Мүбәрак" университетінде білім алып, үздіктердің қатарынан табылып, бүгінде оқуды қызыл дипломға аяқтап отыр.
Шудан шыққан жас маман алған білімін өз туған өлкесіне келіп, еңбек етіп, дін жолына арнауға ниетті. Аталған хабарды Шулық имамдар үлкен қуанышпен жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі