#Байзақ: ТАРИХТАН – ТАҒЫЛЫМ

#Байзақ: ТАРИХТАН – ТАҒЫЛЫМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, аудан орталығы-Сарыкемер ауылында ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті.

Оған аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев, бірқатар бөлім, мекеме қызметкерлері, этномәдени орталық жетекшілері қатысты.

Жиында  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков  сөз сөйлеп, кешегі зұлмат жылдарында азаттық үшін, тәуелсіздік үшін қаза болған ата-бабаларымызды, асылдарымызды еске алудың, бүгінгі бейбіт күнді қастерлеп, тәуелсіздікті тұғырлы етудің  маңызын атап өтті. Түрік этномәдени орталығының төрағасы Мехия Раджамов қиын кезеңде өзге этнос өкілдеріне қамқорлық танытқан қазақ халқына алғысын айтты.  

         Бұдан соң жиналғандар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Айбек Каримбаев марқұмдарға  құран бағышталып, шара қатысушылары жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етіп, құлпытасқа гүл шоқтарын қойды.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: