Шу ауданына қарасты "Әбу Бакір ас-Сыдық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов әл-Фараби орта мектебінің оқушыларымен діни жүздесу өткізді.
Дін маманы қазіргі түрлі дін атын жамылған ағымдардан жастарды сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Оқу жылы басталғаннан бері қаладағы оқу орындарында студенттермен, жас мамандармен кездесулер өткізіп келеміз. Дінді түсіндіру – дінді насихаттау емес. Біз – зайырлы мемлекетпіз. Сондықтан да, жастарға дін ұстанбандар немесе нақты бір дінді ғана ұстаныңдар деп айтуға құқығымыз жоқ. Дін насихаты мешітте жасалады. Ал мұнда жастарға деструктивті ағымдар туралы ақпарат ұсыну және қандай кітаптарды оқуға болмайтынын, уағызшылардан кімдерді тыңдауға болмайтынын жеткізу, теріс бағытқа түсіп кетудің алдын алу мақсатында келдік" - дейді имам өз сөзінде.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі